10 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №497

308 рет
көрсетілді
32 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 31 тамыз , Астана, Үкімет Үйі Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу қағидаларын бекіту туралы «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 30-бабының 4-тармағына және 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қoca берiлiп отырған Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы №497 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама жүргізу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама жүргізу қағидалары «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 30-бабының 4-тармағына және 33-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және нормативтік құ­қықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Нормативтік құқықтық актілердің ғылыми сараптамасы: 1) жобаның сапасын, негiздiлiгiн, уақтылы­лы­ғын, құқыққа сыйымдылығын, жобада Қазақстан Рес­пуб­ликасының Конституциясында бекiтiлген адам және азамат құқықтарының сақталуын бағалау; 2) нормативтік құқықтық актiнiң ықтимал тиiмдiлiгiн айқындау; 3) жобаның нормативтiк құқықтық акт ретiнде қабылдануының ықтимал терiс салдарын анықтау үшін жүргізіледі. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртiбiмен әзірленген және Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілетін нормативтiк құқықтық актілердің жобалары бойынша ғылыми құқықтық, ғылыми экономикалық және ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізіледі. Ғылыми лингвистикалық сараптама қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме дәлдігі айқындау мақсатында жүргізіледі. Қабылдануы экологиялық, оның ішінде радиа­циялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер туғызуы мүмкiн заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларына мiндеттi түрде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес ғылыми экологиялық сараптама жүргiзiлуге тиіс. Заң жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық бастамасы тәртібімен енгізілетін, ғылыми сараптама жүргізбеуге болатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олар реттейтін қоғамдық қатынастарға қарай ғылыми сараптама жүргізу міндетті. 4. Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзудi ұйымдастыру: заң жобаларының ғылыми құқықтық сарап­тамасы және ғылыми лингвистикалық сараптамасы бойынша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне; заң жобаларының ғылыми экономикалық сараптамасы бойынша Қазақстан Республи­касының Ұлттық экономика министрлігіне (бұдан әрі – сараптаманы ұйымдастыушы) жүктеледі. 5. Халықаралық шарттардың жобаларына және Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға қатысты ғылыми сараптама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 938 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу қағидасына сәйкес жүргізіледі. 2. Ғылыми сараптаманың түрлерi 6. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ғылыми ұйымдар немесе әртүрлі мамандықтағы сарапшылар кешенді сараптама жүргізуі немесе әр түрдегі дербес сараптамалар, қажет болған жағдайда қайталама сараптама жүргізілуі мүмкін. Кешенді ғылыми сараптаманы ғылыми ұйымдар немесе нормативтік құқықтық актінің жобасын білімнің әр түрдегі салалары негізінде зерттеу қажет болған жағдайда әртүрлі мамандықтағы сарапшылар жүргізеді. Әр түрдегі дербес ғылыми сараптама норма­тив­тік құқықтық актінің жобасын білімнің бір саласы негізінде зерттеу қажет болған жағдайда жүргізіледі. Қайталама ғылыми сараптама ғылыми ұйымның немесе сарапшының бастапқы ғылыми сараптама нәтижелері бойынша қорытындысы жеткілікті негізделмеген не оның дұрыстығы күмән туғызған жағдайда жүргізіледі. Қосымша ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасын пысықтау нәтижесінде, сондай-ақ заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне сәйкес мүдделі мем­лекеттік органдармен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізілгенге дейін оған тұжырымдамалық өзгерістер енгізілген жағдайда жүргізіледі. 3. Ғылыми сараптама жүргiзу үшiн ұсынылатын материалдар 7. Әзiрлеушi орган заң жобасының көшiрмесiмен бiрге ғылыми сараптамаға мынадай материалдардың көшiрмелерiн (қағаз және электрондық жеткізгіштерде) ұсынады: 1) заң жобасына түсiндiрме жазба (қазақ және орыс тiлдерiнде); 2) қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезінде енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың тиiстi негiздемесiне сәйкес заң жобасына салыстырма кесте (қазақ және орыс тiлдерiнде); 3) заң жобасының тұжырымдамасы; 4) бар болса, зерделеніп отырған проблема бойынша статистикалық деректер. Ғылыми экономикалық сараптама жүргізу үшін қосымша мыналар: 1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары әр парағын дәйектеген және қол қойған қабылданатын заң жобасының қолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі паспорт (қазақ және орыс тілдерінде); 2) мемлекеттік кірістерді азайтуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша Республикалық бюджет комиссиясына арналған қаржылық есептер ұсынылады. Осы тармақта көзделген материалдарды ұсынбау ғылыми сараптама жүргiзуден бас тарту үшiн негiз болып табылады. Сарапшылардың не сараптаманы ұйымдас­тырушының сұрау салуы бойынша әзiрлеушi орган заң жобасында қозғалған мәселелерге қатысты өзге де материалдарды екi жұмыс күні iшiнде ұсынады. 8. Заңдардың жобаларын ғылыми сараптамаға жіберуді әзірлеуші орган немесе Парламент депутаттары өздері заң жобаларына бастамашы болған кезде жүзеге асырады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заңнама бастамашылығымен дайындалған заңдардың жобалары ғылыми экономикалық сараптамаға жолданбайды. Ғылыми экономикалық сараптама жүргізу үшін заң жобасын әзірлеуші орган заң жобасы бойынша материалдарды, оның ішінде электрондық жеткізгіште сараптаманы ұйымдастырушыға жібереді. Сараптаманы ұйымдастырушы заң жобасы бойынша материалдарды ғылыми экономикалық сараптама жүргізу үшін тартылған ғылыми ұйымға, сарапшыға жібереді. 4. Ғылыми сараптама жүргізудің тәртібі мен шарттары 9. Ғылыми сараптама жүргізудің шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптаманы ұйымдастырушы мен ғылыми ұйым немесе сарапшы арасында жасалған азаматтық-құқықтық шартта айқындалады. 10. Ғылыми құқықтық сараптама заң жобасын әзірлеудің мынадай сатыларында: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне сәйкес оны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізгенге дейін; 2) Қазақстан Республикасы Президенті Әкiм­шiлiгiнің немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің ескертулері бойын­ша оны пысықтау нәтижесінде заң жобасына тұжы­рым­дамалық өзгерістер енгізілген жағдайда жүргізіледі. Ғылыми экономикалық сараптама заң жобасын әзірлеудің мынадай сатыларында: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен келісілгенге дейін; 2) Қазақстан Республикасы Президенті Әкiм­­шiлiгiнің немесе Қазақстан Республикасы Премь­ер-Министрі Кеңсесінің ескертулері бойын­ша оны пысықтау нәтижесінде заң жобасына тұжы­рым­­дамалық өзгерістер енгізілген жағдайда жүргізіледі. Заң жобасының қазақ және орыс тiлдерiндегі мәтіндерінің дәлме дәлдігі бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптама заң жобасын әзірлеудің мынадай сатыларында: 1) Қаржы, Ұлттық экономика және Әділет ми­нистрліктерімен келіскеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізгенге дейін; 2) Қазақстан Республикасы Президенті Әкiмшi­лiгiнің және/немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің ескертулерiн жойғаннан кейiн Қазақстан Республикасының Үкi­меті оны Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгiзгенге дейiн жүргiзiледi. 11. Сараптама жүргізу туралы шешімді: 1) Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Рес­публикасы Президенті Әкiмшiлiгiнің Басшысы, жобаны заң шығару бастамашылығы тәртібімен Қазақ­стан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгі­­зетін Қазақстан Республикасы Парламентінің депу­­таттары және Қазақстан Республикасының Үкiметі; 2) уәкілетті орган; 3) егер осы органның регламентімен немесе өзге де нормативтік құқықтық актілермен осы тұл­ғаларға және құрылымдық бөлімшелерге осындай құқық берілсе, әзірлеуші орган қабылдай алады. 12. Заң жобасына ғылыми сараптама жүргiзу мынадай кезеңдердi қамтиды: 1) заң жобасы оларды шешуге бағытталған проблемалық мәселелерді анықтау және сипаттау; 2) заңды қабылдау оларды шешуге бағыт­талған проблемалық мәселелерді шешудің барлық белгілі және тиімді, оның ішінде әртүрлі тарихи кезеңдерде, халықаралық практикада қолданылған тәсілдерін, тетіктерін, жолдарын сипаттау, сондай-ақ құқықтық қатынастардың аралас салаларын және заңды қабылдау салдары түрінде оларға әсер етуді айқындау; 3) қойылған проблемалық мәселелерді шешуге заң жобасында ұсынылатын тәсілдерді, тетіктерді, жолдарды, проблемалық мәселелерді шешудің заң жобасында ұсынылған қандай да бір тәсілдерін қабылдаудың ықтимал салдарын талдау. 13. Оны әзірлеудің әрбір сатысында ғылыми сараптама қорытындысы мәтінінің нормативтік құқықтық акт жобасының мәтініне сәйкестігіне әзірлеуші органдар жауапты болады. 5. Ғылыми сараптама жүргiзу мерзiмдерi 14. Ғылыми сараптама 15 жұмыс күнi iшiнде жүргiзiлетiн ғылыми лингвистикалық сараптаманы, сондай-ақ күнтiзбелiк 25 күн iшiнде жүргiзiлетiн ғылыми экономикалық сараптаманы қоспағанда, заң жобасы және оның материалдары ғылыми ұйымға немесе сарапшыға ұсынылған күннен бастап күнтiзбелiк 15 күннен аспайтын мерзiмде жүргiзiлуге тиiс. Әзірлеуші орган заң жобасын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келіскеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде оның ғылыми лингвистикалық сараптамаға ұсынылуын қамтамасыз етеді. 15. Қосымша және қайталама ғылыми сараптама заң жобасы және оның материалдары ғылыми ұйымға немесе сарапшыға ұсынылған күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізілуге тиіс. Қазақстан Республикасының Президенті Әкім­шілігінің ескертулерін жойғаннан кейін заң жоба­сын Қазақстан Республикасы Премьер-Ми­нистрінің Кеңсесінде қарау сатысындағы ғылыми лин­гвистикалық сараптама жүргізу мерзімі әзірлеуші орган пысықталған заң жобасын қайталама ғылыми лингвистикалық сараптама жүр­гізу үшін ұсынған кезден бастап кемінде 2 жұ­мыс күнін құрауға және 5 жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған жағдайда ғылыми сараптама жүргiзу мерзiмi Қазақстан Республикасы Прези­дентінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының, Қазақстан Респуб­ликасы Үкіметінің оны жүргізу қажеттігі туралы тапсырмасы болған жағдайларды қоспағанда, әзірлеуші органның және сараптаманы ұйым­дас­тырушының келісімімен ұзартылуы мүмкiн. 16. Әзірлеуші орган заң жобасын ғылыми ұйымның немесе сарапшының ұсыныстары бойынша пысықтаған жағдайда ғылыми сараптаманы жүргізу мерзімдері жаңартылған заң жобасы ұсынылған күннен бастап белгіленеді. 6. Ғылыми сараптаманы жүзеге асыратын субъектілер 17. Нормативтік құқықтық актілер жобаларының ғылыми сараптамасын ғылыми мекемелер немесе тиісті бейіндегі жоғары оқу орындары (бұдан әрі – ғылыми ұйымдар), қаралатын жобаның мазмұнына қарай ғалымдар мен мамандардың қатарынан тартылатын сарапшылар жүргізеді. Ғылыми ұйымдар, сарапшылар ретiнде басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан мамандар тартылуы мүмкiн. Нормативтік құқықтық актінің жобасы ғылыми сараптама үшiн шетелдiк және халықаралық ұйымдарға жiберiлуi мүмкiн. 18. Сарапшының жоғары бiлiмi және ғылыми дәрежесi болуға, ғылыми сараптаманың белгiлi бiр түрi саласында арнайы бiлiмi, тәжiрибесi болуға тиіс. 19. Ғылыми ұйым, сарапшы: 1) ғылыми сараптама жүргiзу үшiн қажеттi, оның iшiнде ғылыми сараптама жұмысын жүргiзу барысында туындайтын мәселелер бойынша барлық ақпаратты, материалдарды алады; 2) орындаған жұмысы үшiн сыйақы алады; 3) сараптаманы ұйымдастырушымен келiсiм бойынша олардың алдына қойылған мәселелер жөнінде ғана емес, сонымен қатар өз құзыретi шегiнде нормативтік құқықтық актілердің жоба­ларынан туындайтын өзге де мәселелер жөнінде де қорытындылар бередi; 4) әзiрлеушi органдардың статистикалық деректерiн пайдалана алады. Егер статистика жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен әзiрлеушi органның статистикалық деректерi үйлеспеген болса, бұл сараптама қорытындысында көрсетiлуге тиiс; 5) ғылыми сараптаманы жүзеге асыру кезiнде, егер шартта өзгеше көзделмесе, оны орындауға үшiншi тұлғаларды тартуы мүмкiн. 6) нормативтык құқықтық актілердің жобаларынан туындайтын, сондай-ақ сараптаманы ұйымдастырушы оның алдына қойған мәселелер бойынша уәждi, ғылыми негiзделген, объективтi және толық қорытынды бередi; 7) ғылыми сараптама жүргiзу барысында өз кiнәсiнен жiберiлген кемшiлiктердi өз күшiмен, өз есебiнен және сараптаманы ұйымдастырушы белгiлеген мерзiмде жояды; 8) сараптаманы ұйымдастырушыға ғылыми сараптама жүргізуден күтілетін нәтижелерін алудың мүмкiн еместігі немесе ғылыми сараптаманы одан әрi жүргiзудiң орынсыздығы туралы 1 жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде хабарлайды; 9) сараптаманы ұйымдастырушыға ғылыми сараптама жүргiзу барысында шеккен шығыстары туралы есепті ұсынады; 10) ғылыми сараптама жүргiзу мәніне қатысты мәліметтердің, оның орындалу барысының және ғылыми нәтижелерінің құпиялылығын қамтамасыз етеді; 11) шартта белгiленген өзге де мiндеттердi алады. 7. Сараптамалық қорытынды 20. Нормативтік құқықтық актінің жобасына жүргiзiлген ғылыми сараптаманың нәтижелерi бойынша ғылыми ұйымның немесе сарапшылардың ғылыми сараптама жүргiзу мәні бойынша уәждi, ғылыми негiзделген, объективтi және толық тұжырымдары қамтылуға тиiс сараптама қорытындысы жасалады. 21. Заң жобасына берiлген ғылыми сарап­та­ма­лық қорытындыда мынадай деректер көрсе­тiлуге тиiс: 1) жалпы ережелер: ұйым тартқан, ғылыми сараптаманы жүргiзген ұйым және/немесе тұлға; ғылыми сараптама жүргiзiлген ғылым салалары; әзiрлеушi орган; ғылыми сараптаманың нысанасы мен мақсаттары; заң жобасының атауы; заң жобасының межелі мақсаты; заң жобасының құрылымы; 2) заң жобасы шешуге бағытталған проблемалық мәселелердi сипаттау, оның iшiнде заң жобасын қабылдаудың негiздiлiгi мен уақтылылығын бағалау; 3) заңды қабылдау оларды шешуге бағыттал­ған проблемалық мәселелердiң шешімін табудың барлық белгiлi және тиiмдi, оның iшiнде әртүрлi тари­хи кезеңдерде, шетелдік практикада қолда­нылған тәсiлдерiн, тетiктерiн, жолдарын сипаттау, сондай-ақ құқықтық қатынастардың сабақтас салаларын және оларға заңнамалық актiнi қабылдаудың салдары түрiндегі әсерді сипаттау; 4) алға қойылған проблемалық мәселелердiң шешімін табудың заң жобасында ұсынылатын тәсiлдерiн, тетiктерiн, жолдарын, проблемалық жағдайларды шешудiң сол бiр немесе өзге тәсiлдерiн қабылдаудың ықтимал салдарын, оның iшiнде ғылыми сараптаманың алдына қойылған сұрақтарға жауаптарды талдау. 22. Ғылыми құқықтық сараптаманың алдына мынадай мәселелер қойылады: 1) заң жобасының Қазақстан Республикасының Конституциясына, жоғары деңгейде тұрған нормативтік құқықтық актiлерге, Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiне сәйкестiгiн тексеру; 2) заң жобасын қабылдаудың әлеуметтiк, экономикалық, ғылыми-техникалық және өзге де салдарын бағалау; 3) заң нормаларын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы тұрғысынан зерделеу; 4) заң жобасын қабылдауға байланысты қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың болуын айқындау, сондай-ақ оларды жасаудың алдын алуға оның әсерін бағалау; 5) заң жобасын қабылдауға байланысты еркектер мен әйелдердің тең құқықтарына және тең мүмкіндіктеріне қысым жасау үшін себептер мен жағдайлардың болуын айқындау; 6) заң жобасы қабылданған жағдайда нақ­тылауға жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесiн айқындау; 7) заң жобасы нормаларының ғылыми жағынан пысықталуының сипаттамасы, заңнамалық базаны жақсарту жөнiнде ғылыми негiзделген ұсыныстар әзiрлеу; 8) құқықтың тиiстi саласының қағидаттарына ықтимал қайшылықтарды анықтау; 9) заң жобасында қамтамасыз етiлетiн айқын немесе жасырын ведомстволық немесе топтық мүдденi анықтау; 10) заң жобасынан туындайтын өзге де сұрақтарға жауап алу. 23. Заң жобасының ғылыми экономикалық сараптамасының сараптама қорытындысында мыналарды көрсету қажет: 1) жалпы ережелер: әзiрлеушi орган; ұйым тартқан, ғылыми сараптаманы жүргiзген ұйым және/немесе тұлға; заң жобасының жалпы сипаттамасы; заң жобасының атауы; заң жобасының межелі мақсаты; заң жобасының құрылымы; заң жобасының жаңалығы; 2) заң жобасы шешуге бағытталған пробле­малық мәселелердi сипаттау; 3) заң жобасын қабылдау оларды шешуге бағытталған проблемалық мәселелердiң шешiмін табудың барлық белгiлi және тиiмдi, оның iшiнде әртүрлi тарихи кезеңдерде, халықаралық практикада қолданылған тәсiлдерiн, тетiктерiн, жолдарын сипаттау; 4) алға қойылған проблемалық мәселелердiң шешімін табудың заң жобасында ұсынылатын тәсiлдерiн, тетiктерiн, жолдарын, проблемалық жағдайларды шешудiң сол бiр немесе өзге тәсiлдерiн қабылдаудың ықтимаал салдарын талдау, оның iшiнде жоба ережелерiнiң макро­эко­номикалық тиiмдiлiкке, әлеуметтiк дамуға, кәсiп­керлiктiң дамуына, саланың және/немесе ел­дiң экономикалық қауiпсiздiгiне ықпал етуiн бағалау; 5) жалпы қорытынды. 24. Ғылыми ұйым немесе сарапшы ғылыми сараптамаға бiрнеше заң жобасын ұсынған жағдайда әрбір заң жобасы бойынша ғылыми сараптама жүргiзіледi және қорытынды жасалады. 25. Сараптама қорытындысы ғылыми сараптама жүргiзген ұйымның фирмалық бланкiсiнде дайындалады, ал ғылыми сараптаманы сарапшы жүргiзген жағдайда қорытындыда оның тегi, аты, әкесiнiң аты және оның құзыреттiлігі пен бiлiктiлiгiн көрсететiн деректер көрсетiледi. 26. Сараптама қорытындысына ғылыми ұйымның бiрiншi басшысы және сараптама жүргiзген адамдар немесе ғылыми сараптама жүргiзген сарапшы қол қояды. 27. Ғылыми сараптама қорытындылары ұсынымдық сипатта болады. Сараптама қорытындысында заң жобасына ескертулер және/немесе ұсыныстар болған кезде әзiрлеушi орган сараптама қорытындысындағы ескертулерге және/немесе ұсыныстарға келіскен жағдайда заң жобасын пысықтау туралы шешім қабылдайды. Ғылыми сараптама қорытындысында әзірлеуші органның құзыретiне жатпайтын ескертулер және/немесе ұсыныстар қамтылған жағдайда, онда әзірлеуші орган пысықтау және тиiстi ұстанымды қалыптастыру үшiн оларды сараптама қорытындысында қозғалатын мәселелердi қарау құзыретіне кіретін мемлекеттiк органдарға заң жобасымен бiр мезгiлде жiбередi. Сараптама қорытындысында қозғалатын мәселелердi қарау құзыретiне кіретін мемлекеттiк органдар ғылыми сараптама қорытындысын алғаннан кейiн 7 жұмыс күнi iшiнде берiлген ескертулер мен ұсыныстарды қарау жөнiнде шаралар қабылдауға және әзiрлеушi органға тиiстi ақпаратты ұсынуға мiндеттi. 28. Заң жобасы мен ол бойынша сараптама қорытындысын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзген кезде әзiрлеушi орган заң жобасы бойынша сараптама қоры­тындысында қамтылған ұсынымдарды қабыл­дамау себептерiнiң дәлелдi негiздемелерiн беруге тиiс. Әзiрлеушi орган тиiстi негiздемелердiң көшiрмесiн ғылыми ұйымға немесе сарапшыға бiр мезгiлде бередi. 8. Ғылыми сараптама жүргiзудi қаржыландыру 29. Ғылыми сараптама жүргiзудi қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама жүргізу қағидаларына қосымша Ғылыми экономикалық сараптамаға ұсыну үшін Қазақстан Республикасының қабылданатын заң жобалары қолданысының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі паспорт *Паспорттың бөлімдерін толтыруға толық нұсқаулық қабылданатын заң жобалары қолданысының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда берілген 1. Жалпы ақпарат Әзірлеуші мемлекеттік орган Заң жобасының атауы Әзірлеуші – орындаушының байланыс ақпараты Т.А.Ә.: Лауазымы: Тел.: Электрондық пошта мекенжайы: Заңнама саласы Құқықтық реттеу мәні 2. Заң жобасын әзірлеудің негізділігі және уақтылылығы 2.1 Заң жобасы шешуге бағытталған проблема (Проблема айқындалуға және барынша нақты тұжырымдалуға тиіс. Шектен тыс кең көлемде не нақты емес тұжырымдаудан аулақ болған дұрыс) Проблеманы тұжырымдау: Проблеманың сапалық және сандық сипаттамасы: (проблеманың мәнін және ауқымын: аумақтық және салалық қырларда сапалы ашу, сондай-ақ проблема дамуының қарқыны туралы ақпарат беру: уақыт өте келе проблеманың ұлғаюы, азаюы немесе өткірлігінің өзгермеуі) Проблеманың болуына байланысты туындайтын теріс әсерлер: (зиян келтірілгені, оның ақшалай мәндегі мөлшері туралы мәліметтерді; азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін бұзу туралы сандық мәліметтерді; реттеудің болмауы салдарынан әрекеттерді, функцияларды не көрсетілетін қызметтерді алудың мүмкін еместігі туралы мәліметтерді (деректер және залалды, жіберіп алған пайданы бағалау және басқалар); азаматтар мен ұйымдардың өтініштері, шағымдары туралы деректерді және т.б. ұсына отырып, проблеманың болу салдары болып табылатын теріс әсерді сипаттау) Өзіне қатысты проблема қозғалатын тұлғалар: (нысаналы топтар қозғаған проблеманы сипаттау: азаматтар, кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекет) Болуы проблемаға әкеп соғатын себептер: 2.2 Проблемалық саладағы ағымдағы жағдайды талдау және мемлекеттік реттеу (реттелетін саланы, экономика секторын дамытудың негізгі өлшемдері, статистикалық деректердің және халықаралық рейтингтік бағалаулардың талдауын пайдалана отырып, бәсекеге қабілеттілікті бағалау, қазіргі уақытта қолданыстағы заңнама, бағдарламалық құжаттар шеңберінде проблемаларды шешу үшін қолданылатын шаралар, қол жеткізілген нәтижелер) 2.3 Заң жобасының мақсаты мен міндеттері (заң жобасын енгізуден қажет етілетін нәтиже) Мақсаты (қол жеткізу үшін заң жобасы әзірленетін ұзақ мерзімді әлеуметтік және (немесе) экономикалық мақсаттарды белгілеу) Міндеттері (мақсатқа қол жеткізілуін тексеруді жүзеге асыру үшін істердің болашақ жай-күйін айқындауға тиіс) Міндеттерді шешу нәтижелерінің сандық-өлшемдік көрсеткіштері (міндеттерді шешу дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштер (ре­дакциялық түзетулерді қамтитын және құқықтық олқы­лық­тар мен коллизияларды жоюға бағытталған нормаларға қолданылмайды) 1. 2. 3. 1. 2. 2. 3. 1. …. 2.4 Заң жобасы мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі (құжаттардың нақты ережелері мен олардың атауларын көрсете отырып, ұсынылып отырған реттеу мақсатының ҚР Президентінің жыл сайынғы жолдауларының, «Қазақстан-2050» стратегиясының, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсаттарымен келісілгендігін көрсету) Мемлекеттің стратегиялық мақсаттары Заң жобасы мақсатының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігін сипаттау «….» «…» 2.5 Реттеудің ұқсас проблемаларын шешудің халықаралық тәжірибесі (әртүрлі елдерде реттеудің белгіленген проблемасын шешу мысалдарын сипаттау) 2.6 Заң жобасын әзірлеу кезеңінде қаралған проблеманы шешудің барлық нұсқаларын сипаттау және таңдалған нұсқаны негіздеу (проблеманы шешудің әртүрлі нұсқаларының тетіктерін, артықшылықтарын, кемшіліктерін, іске асыру тәуекелдерін сипаттау, сондай-ақ басқа нұсқаларды қабылдамау себебін сипаттай отырып, проблеманы шешудің ұсынылған тәсілін таңдауды негіздеу) 3. Нысаналы топтар үшін пайданы және шығасыларды талдау әдісін қолдана отырып, әлеуметтік-экономикалық салдарларды талдау (ұсынып отырған заң жобасы тікелей немесе жанама әсер етуі мүмкін нысаналы топтарды айқындау, оларға сапалық және сандық сипаттама беру, сондай-ақ олар үшін барлық күтілетін салдарды (оң және теріс) талдау) I. Халық Нысаналы топты сипаттау Нысаналы топты сандық бағалау Пайданы сапалық және сандық сипаттау Шығасыларды сапалық және сандық сипаттау II. Кәсіпкерлік субъектілері Нысаналы топты сипаттау Нысаналы топты сандық бағалау Пайданы сапалық және сандық сипаттау Шығасыларды сапалық және сандық сипаттау ІІІ. Мемлекет Нысаналы топты сипаттау Нысаналы топты сандық бағалау Пайданы сапалық және сандық сипаттау Шығасыларды сапалық және сандық сипаттау *осы бөлімдерге арналған ықтимал есептердің мысалдары Әдістемелік ұсынымдардың 3-бөлімінде болады 4. Іске асыру тәуекелдері (заң жобасын іске асыру кезінде оның мақсаттарына қол жеткізуге кедергі жасайтын теріс салдарлар, әлеуетті күрделіліктер, мән-жайлар) 5. Заң жобасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу құралдары (Қол жеткізу құралдары және бекітілген бюджеттік бағдарламалар шеңберінде болжамды сома, бекітілген сомадан артық қосымша қаржыландыру немесе басқа да көздерден бөлінген қаражат көрсетіледі. Бұл ретте қаржыландыру көздері: республикалық, жергілікті бюджеттер, Ұлттық қор және өзге де көздер, сондай-ақ салық мөлшерлемелерінің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің күші жойылған немесе төмендетілген жағдайда бюджет шығыны,салық жеңілдіктерін енгізу, шегерімдер және басқалары көрсетіледі) Республикалық бюджет Жергілікті бюджет Ұлттық қор Өзге де көздер (көздердің атауы) Жоспарланған бюджет бағдарламасы шеңберіндегі сома (атауы) Бюджеттен қосымша бөлінген қаражат сомасы Басқа да көздерден бөлінген сома Бюджет шығыны 6. Заң жобасын қоғамдық талқылау нәтижелері 7. Қосымша (талдау нәтижелерін суреттермен безендіруге арналған қосымша материалдар) Т.А.Ә. _______________________________________________________________ (заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның жетекшілік ететін басшысы орынбасарының қолы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы №497 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. «Норма шығармашылығы қызметін жетiл­дiру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Рес­публикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 16, 172-құжат). 2. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысына толық­тырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақ­стан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 қыркүйек­тегі № 898 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 36, 363-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысына толық­тырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 қарашадағы № 1096 қаулы­сы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 40, 559-құжат). 4. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 14 ақпандағы № 99 қаулысымен бекі­тілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы. 5. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 9, 105-құжат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы. 6. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № 822 қаулысымен бекітілген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 29, 255-құжат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы. 7. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 15 қантардағы № 13 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 6, 82-құжат). 8. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қарашадағы № 1198 қаулысымен бекітілген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 60, 594-құжат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының 2) тармақшасы. 9. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 359 қаулысымен бекітілген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 29, 364-құжат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының 1) тармақшасы. 10. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 590 қаулысымен бекітілген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 506-құжат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы. 11. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 333 қаулысымен бекітілген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 24, 389-құжат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы. 12. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 541 қаулысымен бекітілген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 35, 521-құжат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы. 13. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат) Қазақстан Рес­­пуб­ликасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы. 14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және «Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне өзге­рістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақ­стан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1401 қаулысымен бекітілген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 83-84, 722-құжат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.